Азиада-2026: Диана Ержанова триатлоннан 17-орын алды

Азиада-2026: Диана Ержанова триатлоннан 17-орын алды

Қазақстан құрамасының өкілі Диана Ержанова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында триатлоннан әйелдер арасындағы жекелей сында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 1 сағат 4 минут 13 секундта бағындырып, 17-орынға тұрақтады.

Жарыста Қытай өкілі Линь Минъюй 57 минут 37 секунд нәтижесімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді. Тағы бір қытайлық спортшы Хуан Аньци 57:58 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола медальді 58:36 нәтижесімен жапониялық Манами Хаяси жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Арлан Жаңабай қола медаль иеленген еді.



Күн шежіресі