logo

Ауыр атлетикадан Қазақстан рекорды жаңартылды

Ауыр атлетикадан Қазақстан рекорды жаңартылды

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының бесінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Спортты дамыту Дирекциясына сілтеме жасай отырып.

Бұл күні әйелдер арасында екі, ерлер арасында бір салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бірнеше Қазақстан рекорды жаңарды. 5-күннің нәтижесі: Ерлер (81 келі) 1. Едіге Емберді (Астана) – 327 келі (147+180) 2. Әлібек Рахымберді (Алматы) – 323 келі (142+181) 3. Владимир Васильев (Шығыс Қазақстан облысы) – 309 келі (143+166) Әйелдер (76 келі) 1. Аянат Жұмағали (Алматы) - 225 келі (95+130). Серпе көтеру мен қоссайыста Қазақстан Республикасының рекорды 2. Зинаида Захарченко (Қостанай облысы) – 174 келі (75+99) 3. Марта Давлетиярова (Алматы) – 173 келі (77+96) Әйелдер (81 келі) 1. Аиша Омарова (Қарағанды ​​облысы) – 229 келі (100+129). Серпе көтеруде Қазақстан Республикасының рекорды 2. Виктория Новикова (Ақмола облысы) – 197 келі (85+112) 3. Аружан Дәулетова (Шымкент) – 194 келі (86+108)

Ел біріншілігіне 17 облыстан 212 зілтемірші (136 ерлер, 76 әйелдер) қатысуда. Чемпионат 19 қарашаға дейін жалғасады.