Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпиондары анықталды
Ауыр атлетикадан Қостанайдағы ел чемпионатында әйелдер бәсекесі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan ҚР спорт комитетінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ерлер. 89 келі (Олимпиадалық салмақ)
Денис Уланов (ШҚО) - 346 келі (151+195)
Егор Шерер (Қостанай облысы) - 345 келі (160+185)
Евгений Евстафьев (Қарағанды облысы) - 311 келі (151+160)
2023 жылдың соңында ғана жарысқа оралған Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Улановқа ел чемпионатында чемпион атану әжептеуір қиынға түсті.
Әлемдік гран-при кезеңі
Денис Уланов — 341 келі (150+191)
2023 жыл. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
7️⃣Егор Шерер — 334 кг (153+181)
Әйелдер. 81 келі (Олимпиадалық салмақ)
Аружан Даулетова (Шымкент қ.) - 190 келі (85+105)
Асылзат Дөненбаева (Қызылорда облысы) - 182 келі (78+104)
Зинаида Захарченко (Қостанай облысы) - 181 келі (80+101).
87 келі (+81 келі Олимпиадалық салмаққа жатады)
Анжела Чалкарова (Жетісу облысы) - 210 келі (94+116)
Динара Қыпшақбай (Қызылорда облысы) - 202 келі (87+115)
Сәния Орманбаева (Алматы қ.) - 201 келі (86+115)
+87 келі (+81 келі Олимпиадалық салмаққа жатады)
Айсамал Сансызбаева (Қызылорда облысы) - 240 келі (105+135)
Аида Ибраим (Жетісу облысы) - 170 келі (75+95)
Сандуғаш Хауметова (Қызылорда облысы) - 150 келі (65+85)
Аса ауыр салмақта әзірше ел ішінде Айсамалға тең келер қарсылас табылмай тұр. Десе де, жерлесіміз өткен жылы Гвадалахара төріндегі жасөспірімдердің әлем чемпионатында басты фаворит саналғанымен, Тайпей спортшысына 2 келіге есе жіберген еді.
2023 жыл. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Айсамал Сансызбаева — 250 келі (107+143)