Ауыр атлетикадан лицензиялық Әлем Кубогы басталды
Бүгін Пхукетте (Тайланд) ауыр атлетикадан лицензиялық Әлем Кубогы басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Париж Олимпиадасына жолдама алуға соңғы мүмкіндік берілетін жарысқа Қазақстан командасы келесі құрамда келді:
Ерлер: Ернар Алпысов (55 келі),⠀Сергей Петрович (89 келі), Мейрам Сұлтан (109-ға дейін)
Әйелдер: Айнұр Әбдіқалықова (49 келі), Дарья Балабаюк (59 келі), Айсамал Сансызбаева (+87 келі)⠀
Барлығы лицензиялық жарыстарда 100 зілтемірші іріктеліп шығады, 50 ер, 50 әйел. Олар екі жылдан бері ең ірі ресми жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ұпай жинаған спортшылар. Дәл сол ұпай жинақтау процессінің нүктесі Тайландтағы Әлем Кубогында қойылады. Әр салмақта рейтингте үздік ондыққа енгендер Олимпиада жолдамасына ие болады. Қазақстан құрамасының сапынан ең үлкен мүмкіндікке ие Сергей Петрович пен Айнұр Әбдіқалықова.