Ауыр атлетика федерациясында басшылық құрамында өзгерістер болды

Ауыр атлетика федерациясында басшылық құрамында өзгерістер болды

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының конференциясы өтіп, оның барысында жаңа вице-президент тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық батыр, Гиннестің рекордтар кітабының рекордшысы Сергей Цирульников Қазақстан ауыр атлетика федерациясының вице-президенті атанды.

«Өмір бойы Қазақстанды халықаралық аренада танытып, күшті, спортты және ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы еліме сөзбен емес, іспен қызмет етуге тырыстым. Бұл тағайындау мен үшін жай ғана жоғары лауазым емес, үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.

Ауыр атлетиканы дамытуға, спортшыларды қолдауға және жаңа буын чемпиондарын тәрбиелеуге нақты үлес қосу үшін бар білімім мен тәжірибемді, күш-жігерімді жұмсаймын», — деп жазды Сергей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.



Күн шежіресі