logo

Атырауда 8 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен

Атырауда 8 жасар қыздың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен

Сегіз жасар қыздың үстіне қақпа құлап, бүлдіршін ауыр бас ми жарақатын алған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Мектеп оқушысы жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Қазір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Болған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», – делінген хабарламада. 

Полицияның мәліметінше, қылмыстық іс «қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бабы бойынша қозғалған.