«Атырау» қызылордалық «Қайсардан» өзінің түлегі үшін ойдан шықпайтын өтемақы талап етуде
«Қайсармен» Түркиядағы ОЖЖ-да жаттығып жүрген Қазақстан жастар құрамасының капитаны Әділбек Жұмаханов қызылордалық клуб сапына ауыспауы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бейресми ақпаратқа сәйкес «Атырау» өзінің түлегін қызылордалық клубқа тегін бергісі келмей отыр. «Мұнайшылар» FIFA ережелеріне сәйкес «Қайсардан» жас ойыншыны баптағаны үшін 20 миллион теңгеден асатын өтемақы талап етуде. Трансферлік шектеулерден көз аша алмай отырған «Қайсар» Жұмаханов үшін мұндай соманы төлеуге дайын емес. Демек, орын алған мәселе шешімін таппаса, Әділбек «Атырау» сапына қайта оралуы мүмкін.
21-жасар Жұмаханов өткен маусымда «Атырау» сапында барлық турнирлерде 22 матч өткізді. Ол Қазақстан жастар құрамасының капитаны болып табылады.