logo

Асылхан Асан – фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы

Асылхан Асан – фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы

Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық фристайл-акробатшы Асылхан Асан топ жарды, деп хабарлайды Sport+. 

Отандасымыз жекелей сайыста финалда 103.35 ұпай жинап, алтын медаль иегері атанды.

Бұл бағдарламада тағы бір қазақстандық спортшы Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен күміс жүлде жеңіп алды. Қола медаль Беларусь өкілі Владислав Вазнюкке (92.00) бұйырды.



Күн шежіресі