logo

Асу Алмабаев Азат Мақсұмның жеңіліске ұшырауына не себеп болғанын айтты

Асу Алмабаев Азат Мақсұмның жеңіліске ұшырауына не себеп болғанын айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Азат Мақсұмның соңғы жекпе-жегінде жеңіске жетуге не кедергі болғанын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Асу Алмабаев Азат Мақсұм мен Чарльз Джонсон арасындағы жекпе-жекте отандасының жақсы өнер көрсеткенмен дайындығының аз болғанын атап өтті.

Азат өте жақсы өнер көрсетті. Тік тұрып ұрыста да, күресте де мықты спортшы екенін дәлелдеді. Қолында нокаутқа жіберетін ауыр соққысы бар екенін де білдірді. Енді жеңіске жетуге не жетпей қалғанын бапкерлері жақсырақ білер.

Меніңше, дайындығы аз болып қалған сияқты. Қанша жерден мықты бол, қанша жерден «арсеналың» көп болса да, егер шаршап қалсаң, денең өз-өзіңе бағынбай, дұрыс төбелеса алмай қаласың. Сол жағынан дайындығы аздау болып қалған сияқты деп ойлаймын, - деді Асу.