logo

«Астананың» ВТБ Бірыңғай лигасындағы қарсыласы банкроттық туралы жариялады

«Астананың» ВТБ Бірыңғай лигасындағы қарсыласы банкроттық туралы жариялады

ВТБ Бірыңғай лигасының қатысушысы «Самара» клубы банкроттық туралы өтініш берді, деп хабарлайды Sport+.

Бұл туралы клубтың бас директоры Камо Погосян мәлімдеді:

«Банкроттық туралы хабарлама бердік. Банкроттық 30 күн ішінде жүзеге асуы мүмкін. Осы уақыт ішінде мәселені шешіп, аймақ басшылығымен келісімге келуге мүмкіндік бар», – деп келтіреді Погосянның сөзін «Матч ТВ».

Қазіргі уақытта «Самара» Бірыңғай лиганың турнирлік кестесінде 11-орында тұр. Команданың еншісінде жеті жеңіс пен 20 жеңіліс бар. Лиганың көшбасшысы – Мәскеудің ЦСКА командасы. Олардың көрсеткіші – 24 жеңіс және төрт жеңіліс.

Өткен жылдың соңында «Самара» қаржылық қиындықтарға байланысты барлық легионерлермен келісімшарттарын тоқтатқан болатын.