«Астананың» тағы бір легионері командадан кетуі мүмкін
Елордалық клуб француздық жартылай қорғаушы Фабиен Урегамен келісімшартты бұзуы мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
31-жасар Уреганың «Астанамен» тағы бір жылға келісімшарты бар, бірақ елордалық клуб ойыншы қалдырғысы келмей отыр деген бейресми ақпарат бар.
2023 жылғы маусымда Фабиен «Астана» сапында барлық жарыстарда 34 ойын өткізіп, бар болғаны 1 гол соқты.