«Астананың» Италиядағы көпкүндікке құрамы жарияланды
«Астана» велокомандасы атақты көпкүндік «Джиро д’Италияға» құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Италияда сегіз велошабандоз жарыс жолына шығады: Алексей Луценко, Вадим Пронский, Симоне Веласко, Кристиан Скарони, Давиде Баллерини, Лоренцо Фортунато, Хенок Мулюбырхан және Макс Кантер.
Көпкүндік 4-26 мамыр аралығында өтеді.