Жеңіл атлетикадан Жеңіс күніне орай студенттер мен мектеп оқушылары арасында дәстүрлі эстафета сайысы өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Астана қаласының керемет жерлерінің бірі — «Триатлон» саябағында жеңіл атлетикадан ЖОО, колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасында кезекті эстафета жеңімпаздары анықталды.

Айта кетелік, эстафетада 4 ЖОО, 7 колледж, 15 мектеп бақ сынады. 

Турнирдің қорытындысы келесідей: 

Мектеп арасында 

1-орын. №32 гимназия мектебі

2-орын. №22 гимназия мектебі

3-орын. Қасым Қайсенов атындағы №32 мектеп лицейі

Колледж арасында 

1-орын. Педагогикалық колледж

2-орын. Астана политехникалық колледжі 

3-орын. Менеджмент және Бизнес колледжі 

Университет арасында 

1-орын. Астана халықаралық университеті 

2-орын. Ауыл шаруашылық университеті 

3-орын. Медицина университеті