Астанада тұңғыш рет пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтуде
Астанада көру қабілеті төмен және зағип спортшылар арасында IBSA пара пауэрлифтингтен және штанганы жатып сығымдаудан Әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Жарысқа Қазақстан, Грузия, Украина, Түркия, Ливия, Чехия, Израиль және Кения спортшылары қатысады. Бұл Қазақстанда көру қабілеті зақымдалған және зағип спортшылар арасында өткізілетін алғашқы әлемдік деңгейдегі іс-шара.
Біріншілік 12 қазанға дейін жалғасады.