Астанада LOWKICK халықаралық титулды турнир өтеді
16 желтоқсанда Астанадағы «Абырой» спорт кешенінде халықаралық LOWKICK CHAMPIONSHIP турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Кеш барысында келесі титулды жекпе-жектер ұйымдастырылады: Николай Рогаткин (Қазақстан) — Уильямс Силва (Чили), Карлос Куи (Испания) — Умид Мурадов (Өзбекстан), Иван Лопес (Испания) — Тынышбек Сағынышбек (Қазақстан), сондай-ақ Мадина Торбаева (Қазақстан) — Кристина Лопес (Испания).
Турнир жекпе-жектеріне LOWKICK CHAMPIONSHIP испан және қазақстандық промоушендерінің үздік файтерлері қатысады.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Sport+ Qazaqstan телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.