logo

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасы басталды

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасы басталды

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған ІІ шахмат олимпиадасы өтуде. 

Еліміздегі шахмат олимпиадасына әлемнің 32 елінен келген 35 команда қатысуда. Атап айтқанда, Польша (2023 жылғы шахмат олимпиадасының жеңімпазы), Мажарстан, Германия, Израиль, Солтүстік Македония, Сербия, Украина, Хорватия, Чехия, Бангладеш, Үндістан, Мьянма, БАӘ, Өзбекстан, ФИДЕ-1, Филиппин, Аргентина, Венесуэла, Колумбия, Панама, АҚШ, Чили, Куба, Мысыр, Замбия, Зимбабве, Кения және Уганда елдерінің құрамалары бар. Жарысты ұйымдастырушы ел ретінде Қазақстаннан екі құрам өнер көрсетіп жатыр.

ІІ Шахмат олимпиадасы – «төртке төрт» форматындағы командалық жарыс. Аралас командалар үш санаттағы ойыншылардан құрыла алады: есту қабілеті бұзылғандар, көру қабілеті бұзылғандар және тірек-қимыл аппараты зақымданғандар (ТҚАЗ). Әр командада кем дегенде бір әйел ойыншы және қажет болған жағдайда, кем дегенде екі халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) рейтингіндегі ойыншы болуға тиіс. Команда капитаны да ойыншы бола алады.



Күн шежіресі