Астанада Болашақ ойындары басталды

Астанада Болашақ ойындары басталды

Қазақстан астанасында Болашақ ойындары басталды. Бұл — Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қытай, Филиппин, Аргентина, Испания және тағы ондаған елден келген 800-ден астам қатысушы бақ сынайтын мультиспорттық жарыс.

Алдағы он күн бойы Астана цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спорт түрлерін тоғыстыратын фиджитал спорттың әлемдік орталығына айналады.

Жарыс бағдарламасына сегіз дисциплина енген. Атап айтқанда, фиджитал футбол, фиджитал баскетбол, Counter-Strike 2, Dota 2, PUBG, Mobile Legends, фиджитал биі және жекпе-жек түрлері бойынша жеңімпаздар анықталады.

Болашақ ойындары баскетбол жарыстарымен басталды. Ал алғашқы күннің басты оқиғасы — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан ресми ашылу салтанаты болды.

Sport+ телеарнасы Болашақ ойындарының ресми трансляция жасаушыларының бірі болып табылады.



Күн шежіресі