Астанада ауқымды спорттық марафон басталды
Елордада спортсүйер қауым үшін Astana Half Marathon іс – шара өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Биылғы іс-шарада әлемнің 20-дан астам елінен 6 000 спортшы жарысқа шығады. Марафоншылар қаланың ең көрнекі жерлерімен жүгіріп өтеді.
Astana Half Marathon «EXPO 2017» көрмесінің алаңында басталды. Одан әрі қатысушылар қаланың орталық көшелерімен, «Бәйтерек» монументінің, «Хан Шатыр» сауда орталығының, Тәуелсіздік Сарайы мен ботаникалық бақтың жанынан жүгіріп өтеді.
2022 жылдан бастап «Бірінші болу батылдығы" қорының іс-шараларының географиясы кеңейіп, Алматы ғана емес, Астана, Түркістанды да қамтыды. Біз алдымызға өршіл мақсат қойып отырмыз: еліміздің барлық түкпір-түкпірінде жүгіруге деген сүйіспеншілікті ояту. Біздің миссиямыз – спорт пен белсенді өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жүгіруді барлық жастағы және физикалық мүмкіндіктері бар адамдар үшін қолжетімді әрі тартымды ету, - деді «Бірінші болу батылдығы» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.
Бұл іс-шарада 4 қашықтық бар : 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жаяу жүру) және Экиден командалық эстафетасы. Айта кету керек, Astana Half Marathon өзінің тегіс жолымен әлемнің түкпір-түкпіріндегі жүгірушілерді тартады, бұл жеке рекордтарға қол жеткізу үшін тамаша жағдай жасайды. Astana Half Marathon - да өз қашықтығын жүгірген барлық қатысушылар мәре сызығында медаль алады. Барлық қашықтықтағы жас санаттарындағы жүлдегерлер, сондай-ақ абсолютті санаттағы жеңімпаздар серіктестер мен демеушілердің бағалы және ақшалай сыйлықтарымен марапатталады.