logo

«Астана» «Уралмаштан» ірі есеппен жеңілді

«Астана» «Уралмаштан» ірі есеппен жеңілді

ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионаты аясында елордадағы «Жекпе-жек» сарайында өткен матчта «Астана» баскетбол клубы Екатеринбургтің «Уралмаш» командасынан ірі есеппен жеңілді — 62:80 (22:7, 21:20, 23:22, 14:13), деп хабарлайды Sport+.

Астаналықтар арасында ең нәтижелі ойыншы 14 ұпай жинап, екі рет допқа ие болған және үш пас берген орталық шеп ойыншысы Асқар Майдекин болды. Ал «Уралмаш» сапында ең көп ұпайды — 19 ұпай — шабуылшы қорғаушы Джеремайя Мартин еншілеп, оған қоса төрт рет допқа иелік етіп, екі пас берді.

«Астана» келесі матчын 17 желтоқсанда өз алаңында «Парма» клубына қарсы өткізеді. Ойын елорда уақыты бойынша 20:00-де басталады.



Күн шежіресі