«Астана» шабандозы Норвегиядағы жарыстың топ-10 қатарына кірді
4 тамыз күні жыл сайын өтетін «Норвегияның Арктикалық жарысы» шосселік веложарысы Солтүстік поляр шеңберінің артындағы жолдарда басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші кезеңнің жеңімпазы «Uno-X» командасының норвегиялық шабандозы Александер Кристофф болды. Екінші және үшінші орындарды «Cofidis» командасынан бельгиялық Милан Фретин мен «Israel-Premier» командасынан Том Ван Асбрук иеленді.
«Астана» шабандоздары арасынан ең үздігі Макс Кантер болып, ол алтыншы орынға ие болды.
«Норвегияның Арктикалық жарысы». Бірінші кезең, Bodø — Rognan. 155.3 шақырым
- Александер Кристофф (Норвегия, «Uno-X») — 3:43:32
- Милан Фретин (Бельгия, «Cofidis»)
- Том Ван Асбрук (Бельгия, «Israel-Premier»)
- Макс Кантер (Германия, «Астана»)