«Астана» шабандозы «Критериум Дофине» жарысында үздік нәтиже көрсетті
Францияның Дофин қаласында өтіп жатқан жыл сайынғы «Критериум Дофине» көпкүндік веложарысының соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Сегізінші кезеңнің жеңімпазы испаниялық Карлос Родригес атанды. Екінші орын америкалық Маттео Йоргенсонға бұйырды. Үздік үштікті канадалық спортшы Дерек Джи түйіндеді.
«Астананың» италиялық шабандозы Лоренцо Фортунато мәреге 62-болып, ал жалпы жарыстың қорытындысы бойынша спортшы 31-орынға ие болды. Бұл Қазақстан құрамасының шабандоздары арасындағы ең жақсы нәтиже.
Критериум Дофине. Сегізінші кезең. Тон — Плато Де Глиер. 160.6 км
1. Карлос Родригес (INEOS Grenadiers) — 4:18:02
2. Маттео Йоргенсон (Team Visma) +,,
3. Дерек Джи (Israel — Premier Tech) +0:15
62. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +20:18
Жалпы есеп:
1. Примож Роглич (Словения, BORA — hansgrohe) — 25:35:40
2. Маттео Йоргенсон (США, Team Visma) +0:08
3. Дерек Джи (Israel — Premier Tech) +0:36
31. Лоренцо Фортунато («Астана») +36:27