Astana run - 2024: Елордада өткен жарысқа 500-ден астам әуесқой желаяқ қатысты
Елорда төріндегі «Триатлон» саябағында 5 шақырымды құраған маусымның алғашқы жарысы өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жарыс барысында ересектер 18-29, 30-39, 40-49, 50-59, 60 жастан жоғары санатта жеңімпаздарды анықтаса, 3-9 жас аралығындағы балалар 400 метр, 10-17 жастағы жасөспірімдер 1 шақырымға жүгірді.
2019 жылдан кейінгі ресми алғашқы жарысым. Салыстырмалы түрде жүгіру соңғы кезде трендке айналды. Алайда осындай үрдіс моно қалаларда да жалғасын тапса екен деймін. Себебі, кіші қалаларда әлі де жүгіру, велосипед айдауды әлі салауатты өмірдің бір бөлшегі ретінде толыққанды санамайды,- деді, Асыл атты қатысушы.
Қыс бойы жаттығу залында дайындалған желаяқтар үшін бұл алғашқы жаттығу десе болады. Өйткені, 28 сәуір күні Бірлік күніне орай, 10, 21 шақырымды құрайтын ұзақ қашықтықтар да қосылатын болады.