«Астана» плей-офф кезеңін бастайды. «Астана» — «Атырау барыстары» матчының тікелей эфирі
10 мамыр күні «Астана» мен «Атырау барыстары» арасындағы жартылай финалдық серия басталады.
Осы маусымда командалар арасындағы барлық матчтар елордалық ұжымның пайдасына аяқталды — Астанада өткен соңғы ойындар 79:72 және 85:69 есебімен аяқталған.
Тұрақты маусым қорытындысы бойынша астаналықтар бірінші орын алды, ал атыраулықтар төртінші орынға ие болды. Енді олар финал жолдамасы үшін өзара бақ сынасады.
Жартылай финалдық серия командалардың біреуі 3 жеңіске жеткенге дейін жалғасады.
Алғашқы кездесу сағат 17:00–де басталады. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.