logo

Астана күніне орай өткен велошеруге 700-ге жуық әуесқой спортшы қатысты

Астана күніне орай өткен велошеруге 700-ге жуық әуесқой спортшы қатысты

Дәстүрлі 25 шақырымдық қашықтықты бағындыруға қатысушылар Үркер елді мекенінің «Жасыл белдеу» саябағына дейінгі аралықты жүріп өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Велошеруге Астана қаласының тұрғындарынан бөлек, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Павлодар облыстары және Шымкент қаласынан да қатысты.

«Атырау облысынан келдім. Қазіргі уақытта Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмыз. Алдағы күндері велошосседен чемпионатқа қатысамыз. Бүгін демалыс болғандықтан, жаттығудан бөлек, «Жасыл белдеуді» де көрдім. Жап-жасыл. Ауасы таза, тып-тыныш. Жол бойы керемет суреттерге түсіп келдік. Қала күні уақытына тұспа-тұс келгенімізге қуаныштымын!» - деді Жантілек Жолдас.



Күн шежіресі