«Астана» «Каспийді» екінші рет жеңді
«Астана» Ұлттық лига аясындағы «Каспийге» қарсы өткен екінші матчта 87:74 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Ең көп ұпай жинаған ойыншы — Роберт Пан, оның еншісінде 21 ұпай. Эрик Дэй — 15 ұпай, Руслан Айтқали — 13 ұпай еншіледі.
Алда команданы Алматыға сырт алаңдағы ойындар, содан кейін ВАСЛ лигасындағы дебют күтіп тұр.
Маусым басында «Астана» мен «Алматылық Легион» чемпионаттағы алғашқы алты матчында да жеңіске жетіп, ұлттық чемпионат кестесде көш бастап тұр.
Олардың матчтары 8-9 қарашада Алматыда өтеді.