logo

«Астана» баскетбол клубы жаңа маусымдағы жоспарларын жариялады

«Астана» баскетбол клубы жаңа маусымдағы жоспарларын жариялады

Клуб тарихында алғаш рет «Астана» FIBA Asia ұйымдастырған, Батыс Азия, Парсы шығанағы елдері, Үндістан және Қазақстан командаларын біріктіретін панөңірлік турнир — Батыс Азия Суперлигасының (FIBA WASL, West Asia Super League) тұрақты чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport+.

Жарыс екі субзонада өтеді: Gulf League және West Asia League. Жеребе қорытындысы бойынша «Астана» West Asia League құрамында бақ сынайды. Қатысушылар тізімі мен ойын күнтізбесі қосымша жарияланады.

Сонымен қатар, астаналық клуб өткен маусымда алтын медаль жеңіп алған Қазақстан Ұлттық лигасында да өнерін жалғастырады.

«Астана-Жастар» жастар командасы 2025/26 маусымында ВТБ Біріккен жастар лигасында дебют жасайды. Чемпионатқа шетелден екі клубты қоса алғанда, барлығы 14 команда қатысады. «Астана-Жастар» тұрақты маусымда 52 матч өткізеді, оның 26-сы — «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.

Бұдан бөлек, клубтың негізгі және жастар командалары 15–20 қыркүйек аралығында Атырау қаласында өтетін 2025 жылғы Қазақстан кубогына қатысады. Бұл трофейдің қазіргі иегері — «Астана».



Күн шежіресі