Артем Матусевич академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Артем Матусевич академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шықты

Қазіргі таңда Германияның Дуйсбург қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында академиялық ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Артем Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сынның (LM1x) жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз өз жарысында 07:07.75 уақыт көрсеткішімен екінші орын алып, шешуші кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, осы бағдарлама бойынша финалдық жарыс 26 шілдеде өтеді.



Күн шежіресі