logo

Арман Әшімов 37 жастағы жапониялық файтерден жеңіліп қалды

Арман Әшімов 37 жастағы жапониялық файтерден жеңіліп қалды

Қазақстандық файтер Арман Әшімов Жапонияда өткен жекпе-жегінде жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Арман Әшімов (12-4-1) жапониялық промоушен Rizin-де дебют өткізді. Алғашқы қарсыласы 37 жастағы файтер Юсаку Накамура (19-10-1) болды.

Кездесу жоспарланған уақытынан ерте аяқталмады. Файтерлер белгіленген барлық раунд бойы жұдырықтасты, ал төрешілер Накамураны жеңімпаз деп тапты.

Айта кетейік, 32 жастағы қазақстандық файтер Арман Әшімов ММА-дағы соңғы 4 кездесуінде жеңілмеген еді. Десе де окатагонға соңғы рет 2 жыл және 7 ай бұрын шыққан. Оның арасында ресейлік әуесқой лигаларда өнер көрсеткен.