Ақтөбелік депутат Марат Қойлыбаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовқа 10 миллион теңгеден табыстады, деп хабарлайды
Sport Plus Qazaqstan.
Сүйінші хабарды журналист Ербол Сейілхан Facebook парақшасында жариялады.
«Марат Қойлыбаев ағам мәрт екен. Ұлт жанашыры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа сый-сыяпатын жасады. Демеудің жеке бапкері Боранбек Қоңыратовты да ренжітпепті. Оған да 10 миллион берді. Міне, алаштың бір ұлы деп қолдап, қолтықтан демейтін осындай жөн, жол білетін ел ағалары көп болсын», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Алматы облысының әкімдігі Демеу Жадыраевқа 3 бөлмелі пәтер мен 10 млн теңгенің сертификатын табыстаған еді.