logo

Ақпейіл Өсім Алматыда Азия чемпионы атанды

Ақпейіл Өсім Алматыда Азия чемпионы атанды

Алматыдағы тас жолындағы велоспортан Азия чемпионатында андер-қыздар мен элита санатында топтық жарыс өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қазақстан велоспорт Федерациясының мәліметіне сәйкес, қазақстандық андер-қыздар 112,6 шақырым өтті. Команда құрамында: Ақпейіл Өсім, Бота Батырбекова, Виолетта Казакова, Елизавета Склярова. Нәтижесінде Өсім чемпион атанды. Осы ара қашықтықты бағындыру үшін Ақпейіл 2 сағат 56 минут 51 секунд жұмсады. Индонезиялық Девик Сов екінші, Склярова үшінші орында.

Элит санатында Қазақстан намысын Рината Султанова, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина, Фаина Потапова және Анжела Соловьева қорғады. Өкінішке қарай, аталған спортшылардың ешқайсы жеңіс тұғырына көтеріле алмады.