Antalya Open Cup – 2026: Қазақстан тайбоксшылары 20 алтын медаль жеңіп алды
Түркияның Кемер қаласында муайтайдан халықаралық XIIII Antalya Open Cup турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+.
Жарысқа әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының да спортшылары бар.
Аталған турнирде отандық спортшылар 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды. Бірінші орынды Түркия құрамасы иеленсе (26-50-73), үшінші орынды Мажарстан (9-4-0) құрамасы қанағат тұтты.
Antalya Open Cup — муайтайдан әлемдегі беделді халықаралық жарыстардың бірі. Қазақстан құрамасының нәтижесі ел тайбоксшыларының әлемдік аренада бәсекеге қабілетті екенін тағы бір мәрте көрсетті.