logo

Әмір Маймұратов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әмір Маймұратов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Әмір Маймұратов пен Тамара Олжабаева Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Спортты дамыту Дирекциясының мәліметі бойынша.

 Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионатында екі отандасымыз күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жылдамдық бағдарламасында ерлер арасында Әмір Маймұратов финалда қытайлық Пенг Вумен жарыста фальстарт жасап, екінші орынға тұрақтады. Қола жүлдеге таласта тағы бір отандасымыз Ришат Хайбуллин әлем чемпионы, екі дүркін Азия ойындарының жеңімпазы ирандық Реза Алипудан жеңіліп қалды.

Ал әйелдер арасында Тамара Олжабаева ақтық сынға шығып, қарсыласына сәл есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.