Алматыда халықаралық WTT Youth Contender Almaty жасөспірімдер турнирі өтеді

Алматыда халықаралық WTT Youth Contender Almaty жасөспірімдер турнирі өтеді

24–27 шілде аралығында Алматы қаласында үстел теннисінен халықаралық «WTT Youth Contender Almaty» жасөспірімдер турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Алдағы жарысқа әлемнің 17 елінен 230 спортшы қатысады. Қатысушылар қатарында Австралия, Әзербайжан, Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік ауданы, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирак, Иран, Катар, Қытайлық Тайбэй, Корея, Малайзия, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан, Жапония және Қазақстан өкілдері бар.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы әртүрлі жас санаттарында 82 спортшымен бақ сынайды.

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мен World Table Tennis (WTT) ұйымдарының қолдауымен өтетін бұл турнир жасөспірімдер сериясының ресми күнтізбесіне енгізілген. Жарыс нәтижелері спортшылардың әлемдік рейтингіне есептеледі.

Жүлделер келесі санаттар бойынша сарапқа салынады:

11 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар — жекелей сында;
13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар — жекелей сында;
15 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар — жекелей сында;
17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар — жекелей сында;
19 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар — жекелей сында;
15 жасқа дейінгі аралас жұптық сын;
19 жасқа дейінгі аралас жұптық сын.

Турнирдің барлық ойындары Sport+ Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.



Күн шежіресі