logo

Алматыда NEET санатындағы жастар арасында волейболдан чемпионат өтті

Алматыда NEET санатындағы жастар арасында волейболдан чемпионат өтті

Додаға «Қырғауылды», «Бақорда»,  «Арғымақ», «Арғымақ1», «АлтынОрда», «Бақорда» т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастардан сонымен қатар  NEET санатындағы «VKM», «Белгібай», «Отау-Құрмет» яғни жұмыссыз жастардан жүрген құралған 16 команда қатысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы іріктеу кезінде 16 команда екі топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді.

«Белгібай» командасының жігіттері басым түсіп, Алтынды өз қанжығасына байлады.

Ала допты алақанда айналдырып, байрақты бәсекеде бақ сынаған командалар арасында«Белгібай» командасы, «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында өткен волейбол чемпионатыныңжеңімпазы атанып, кубокты иеленді.

Чемпионат қортындысы бойынша бірінші орын алған «Белгібай» командасына 250 мың теңгенің, екінші орын алған «Арғымақ» командасына 150 мың теңгенің, үшінші орын алған екі команда «Отау-Құрмет» пен «VKM» командаларына 50 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді.



Күн шежіресі