Алматы облысында 180 орындық заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Алматы облысында Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілген 180 орындық заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кешенге грек-рим күресінен Әлем чемпионы, халқымыздан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді.
2022 жылы құрылысы басталған нысанға 2 534, 8 млрд.теңге жұмсалды. Аталмыш кешенде бокс, күрес, ойын, жаттығу залы бар. Бұл залдарда бокс, еркін күрес, қазақша күрес, грек-рим күресі, волейбол, баскетбол, футбол, футзал, гандбол секілді спорт түрлерінен үйірмелер бар.
Нысанның аумағы – 5477,4 м2 шаршы метр. Бұл ғимаратта Шелек ауылының тұрғындары ғана емес, көршілес ауылдардың спортқа қызығушылық танытқан балалары да жаттығуына болады. Кешенде күніне 100-ден аса бала бірнеше секцияда шеберліктерін шыңдайды.