logo

Әлімжан Қалдияров: Қазақстандық командалардың барлығы шабуылшы таба алмай жүр

Әлімжан Қалдияров: Қазақстандық командалардың барлығы шабуылшы таба алмай жүр

«Тобыл» футбол клубының басшыларының бірі Әлімжан Қалдияров Sport Plus Qazaqstan арнасына берген сұқбатында жаңа ойыншыларды таңдауға қатысты пікір білдірді.

- Маусымға деген дайындық жақсы жүріп жатыр. Команда құрамын күшейтуге 1-2 позиция қалды. Түркияда жүрген қазақстандық командаларға қарағанда барлықтары шабуылшы таба алмай жүрген сияқты көрінеді. Алаңдағы ең маңызды позициялардың бірі ғой, сол себепті бұл сұрақта асығыстық танытудың керегі жоқ. Шабуылшылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, кейбіреулеріне қаралымға келуге ұсындық. Көреміз әрі қарай, - деді жас менеджер.



Күн шежіресі