logo

Әлия Каримова: Біздің спортта даму бар

Әлия Каримова: Біздің спортта даму бар

Әртістік жүзуден Бейжіңде өткен әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды. Осы жайында World Aquatics Азия құрлығына жауапты комитеттің мүшесі, А санатындағы төреші, Қазақстанның бас төрешісі Әлия Каримова Olympic.kz сайтына берген сұхбатында: 

«Команда Бейжіңнен жақсы нәтижемен оралды. Спортшыларымыз бес рет тұғырға көтерілді. Бұл қуантады, әрине. 

Былтыр әртістік жүзу спортындағы төрелік ету және бағалау әдісінде үлкен өзгерістер болды. Біздің нәтижеміздің жақсаруы да сол өзгеріспен тікелей байланысты. Одан бөлек, жыл бойы тынымсыз еңбектеніп, бар уақытын оқу-жаттығу жиынымен өткізетін спортшылардың дайындығын жоққа шығаруға болмайды. 

Төреліктегі өзгерістерге келер болсақ, мұндағы бағалау әдісі мәнерлеп сырғанауға көбірек ұқсап келеді. Әрбір элемент, әрбір ұстау элементі мен байланыс бөлек есептеледі. Әрбір элементтің өзіндік қиындық коэффиценті бар. Ал элементтерді есепке алатын арнайы бақылаушылар отырады. Мәселен, біз техникалық сайыста үшінші орын алдық. Себебі, топтағы қыздардың бірі айналу элементін толық орындаған жоқ. Акробатикалық сында барлық элементті түгел есепке алды. Бізден кейін қалған қытайлықтар керісінше, әдісті дұрыс орындамағаны үшін ұпайдан қағылды. Міне, қазір ереже осылай толық өзгерді. Мұнда қай команданың алға шығатынын да болжай алмаймыз», - дейді Әлия Төреғалиқызы. 



Күн шежіресі