logo

Әлемнің үздік каратешілерінің бәсекесін Sport+ көрсетеді

Әлемнің үздік каратешілерінің бәсекесін Sport+ көрсетеді

Парижде әлемнің үздік каратешілері қатысатын, 2025 жылдың алғашқы ірі жарысы - Karate-Premier League өтеді, деп хабарлайды Sport+

Karate-Premier League  —  карате әлеміндегі ең маңызды лига. Оның негізгі мақсаты жоғары сападағы, ауқымды ашық чемпионатта үздік спортшылар бәсекесін ұйымдастыру. 

WKF беделді жарыс болғандықтан, әр салмақ дәрежесінде қатысушалыр саны 32 адаммен шектелген. 

Бұл жарыста Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:

Әйелдер арасында Мөлдір Жаңбырбай, Гүлмира Үсенова, Белла Самашева, Асель Қанай, Лаура Сағынбек және Софья Берульцева, ал ерлер арасында Қайсар Алпысбай, Дидар Әміралі, Нұрқанат Әжіханов, Данияр Юлдашев және Диас Анарбеков.

Турнир 24-26 қаңтар аралығында өтеді. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталатын соңғы жарыс күнін тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.



Күн шежіресі