logo

Әлем спортының жұлдызы Астанаға келді

Әлем спортының жұлдызы Астанаға келді

Бүгін, 26 қаңтарда сағат 14:00-де Қазақстан жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold 2024 аясында Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық жеңіл атлетика турнирі қарсаңындағы баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жиынға Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Кенжетайұлы Ахметов, Дүниежүзілік жеңіл атлетика өкілі Пирс Окаллахан, 2020 жылғы Олимпиада чемпионы жəне əлем рекордшысы Арманд Дуплантис, сондай-ақ жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Надежда Дубовицкая қатысты.

Əлемдік турдың бөлігі болу, елордада Олимпиада чемпиондарын, əлем рекордшыларын жəне ең үздік спортшылардың басын қосу – үлкен қуаныш əрі жауапкершілік. Əрине, бұл старт отандық жеңіл атлетика үшін ғана емес, жалпы Қазақстан спорты үшін үлкен оқиға. Бүгінде жарысқа 45 елден 136 спортшы қатысуда, оның ішінде 4 Олимпиада чемпионы, 10 əлем чемпионы, 3 Еуропа чемпионы, 1 Азия чемпионы жəне 2 əлем рекордшысы, - деді ҚР Жеңіл атлетика федерациясының Президенті баспасөз жиыны барысында.

Спикерлер Қазақстандағы жеңіл атлетиканың даму болашағы жəне алдағы турнирге дайындық туралы сұрақтарға жауап берді.

Еске сала кетейік, алтын деңгейлі кездесулер сериясы əлемнің 7 қаласында өтеді. 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады.

Астанада келесі дисциплиналар бойынша жарыстар өтеді:

Əйелдер: 400м, 60м, 1 миль, 60м кедергілер, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру.

Ерлер: 60 м, 60 м кедергілермен жүгіру, 3000 м, 400 м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.



Күн шежіресі