logo

Алексей Луценко Олимпиада алдында жарақат алды

Алексей Луценко Олимпиада алдында жарақат алды

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Алексей Луценко Париждегі Олимпиада ойындары басталардан жеті күн бұрын жарақат алып қалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan kazinform.kz агенттігіне сілтеме жасай отырып.

«Астана» велокомандасының мүшесі «Тур де Франс» велокөпдігінің 17-кезеңі қарсаңында командадан кетті. Оған басты себеп -жарақат алып қалуы.

«Өкінішке қарай, Алексей Луценко сол жақ тізеден алған жарақатына байланысты жарыстан кетуге мәжбүр болды. Ол соңғы күндерде болған апат салдарынан жарақат алған еді», - деп мәлім етті команданың баспасөз қызметі. 

2024 жылғы Олимпиадада Алексей Луценко жекелей сында (27 шілде) және топтық сында (3 тамыз) ел намысын қорғайды. 

Ал тағы бір қазақстандық Евгений Федоров жарысқа тек топтық кезеңде бақ сынау үшін барады.