Александр Винокуров тағы бір атаққа қол жеткізді
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев велоспорттан Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровқа Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын табыстады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ол өз кезегінде жазда ұлттық құрамамен бірге Париж Олимпиадасына баруға уәде берді. Оның спорттағы тәжірибесі мен қолдауы біздің спортшыларға төртжылдықтың басты додасында лайықты өнер көрсетуге көмектеседі деп сенемін, - деді Туризм және спорт министрі.