logo

Александр Винокуров Глеб Сырица жайында пікірін білдірді

Александр Винокуров  Глеб Сырица жайында пікірін білдірді

Astana Qazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров ресейлік спринтер Глеб Сырицамен келісім шарт мерзімін ұзартылуына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Команда сапындағы алғашқы екі жылды Глеб жақсы деңгейде өткізді. Бірқатар жарыста командаға көмектесіп, жеке сында да нәтижеге қол жеткізді. Ілгері жылжу бар, алдағы уақытта да қалай боларын көргіміз келеді.

Спринтерлік бағыт біз үшін жаңа дүние. Біз тарихи жетістіктерге жете білдік, соның ішінде «Тур де Франс» кезеңіндегі  Марк Кавендиштің 35-ші жеңісі бар . Глеб спринтерлік топқа жақсы қосыла білді, классикалық үлкен жарыстарда тәжірибе де жинап келеді. Сондықтан, жаңа жетістік те көп күттірмейді деп ойлаймын», – деді Александр Винокуров.