Александр Мухамедиев стенд атудан Азия ойындарында алтыншы орын алды

Александр Мухамедиев стенд атудан Азия ойындарында алтыншы орын алды

Стенд атудан Қазақстан құрамасының спортшысы Александр Мухамедиев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында бақ сынады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз «скиттен» жекелей сайыстың финалында 19 нысананы дәл көздеп, алтыншы орынмен жарысты аяқтады.

Ал Рашид Салех М А Аль-Атба (Қатар) 34 нысананы дәл көздеп, топ жарды. Қытайлық Цзяньлинь Лю 33 рет нысананы атып, екінші орын алды. Ал Мэн-Юань Ли (Қытайлық Тайбэй) үздік үштікті түйіндеді — 29 нысана.



Күн шежіресі