Александр Ким cпорттық гимнастикадан әлем кубогы жайында
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының бас бапкері Александр Ким Бакуде өткен әлем кубогі кезеңін қорытындылап ҰОК сұхбатында отандық спортшылардың нәтижесіне тоқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Айта кетелік, Бакудегі турнир 5-11 наурыз аралығында өтті. Ерлер арасындағы сынға 164 спортшы қатысты, олардың арасында қазақстандықтар Нариман Курбанов, Дияс Тойшыбек, Дмитрий Патанин және Милад Карими бар.
«Финалға біздің командадан екі спортшы шықты. Нариман Курбанов іріктеу сынында үшінші нәтиже көрсетсе, Милад Карими еркін жаттығудан төртінші орыннан көрінді. Өкінішке қарай, Карими қол тіреп секіруден дайындық барысында жарақат алуына байланысты, біз оны жарыстан шығарып алдық. Қалған спортшыларымыз финалға өтпеді», - дейді бас бапкер.
Финалда өнер көрсеткен Курбанов жалпы есепті төртінші орын алды. Бапкердің айтуынша, ол бағдарлама соңында қателік жіберген.
«Ол барлық комбинацияны өте жақсы орындаған. Тек соңында 180 градусқа бұрылыс жасамай, төрешілер ұпайын төмендетті. Нәтижесінде Нариман 15.133 ұпаймен төртінші орын алды. Олимпиадаға іріктеу сынында оған 20 балл берілді. Бұл әлемдік сында тайпейлік Ли Чи Кай топ жарып, олимпиадалық рейтингте 30 ұпай алды. Бұл оның осы маусымдағы бірінші жеңісі», - дейді Александр Ким.
Лицензиялық әлем кубогінің үш кезеңінен соң Нариман Курбанов 66 ұпаймен екінші орында келеді.
Бірінші орында иорданиялық Абу Ахмад, үшінші сатыда тайпейлік Ли Чи Кай.