logo

Александр Бублик Франциядағы Лион турнирінде бақ сынайды

Александр Бублик Франциядағы Лион турнирінде бақ сынайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Лион ATP 250 турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Франция ашық чемпионаты – Ролан Гаррос қарсаңындағы жарыс 19-25 мамыр аралығында өтеді.

Лион додасының 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші турнирді екінші айналымнан бастайды. Онда әлемнің 70-ракеткасы, аустралиялық Александар Вукич немесе рейтингіде 76-сатыдағы америкалық Маккензи Макдональдтың жеңгенімен кортқа шығады.

Женевадағы (Швейцария) дәл осындай турнирде Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Александр Шевченко өнер көрсетеді.

Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы – әлемнің 36-ракеткасы, мажарстандық Фабиан Марожан. Рим мастерс жарысында 8 мамырда А.Шевченко Ф.Марожанды 6:3, 6:2 есебімен ұтқан болатын.



Күн шежіресі