«Alash Pride» Түркістанда турнир өткізетінін жариялады

Аралас жекпе-жек бойынша танымал ұйым — «Alash Pride» лигасы 19 қазан күні Түркістан қаласында кезекті турнирін өткізетінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, турнирге қазақстандық және шетелдік файтерлер қатысады. Олардың қатарында Жанібек Тыныштық, Мурад Абдурахманов, Теймур Жапаров, Мұхамадризвон Қахоров сынды танымал спортшылар бар.
Бұл дода жанкүйерлер үшін тартысты кездесулер мен жоғары деңгейдегі жекпе-жектер сыйлайтыны анық.