logo

«Alash Pride» 113: Жанібек Тыныштық пен Ернар Әлімбеков қарсыластарын бірінші раундта жеңді (видео)

«Alash Pride» 113: Жанібек Тыныштық пен Ернар Әлімбеков қарсыластарын бірінші раундта жеңді (видео)

Түркістанда «Alash Pride» 113 турнирі аяқталды. Оның аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей спортшыларының қатысуымен 14 жекпе-жек өтті.

Ақпараттық тұрғыдан алғанда, жанкүйерлерді өзбек спортшысы Эльмурод Хақназаровтың жекпе-жегі қызықтырды. Ол қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты.

Сондай-ақ, grappling ережелері бойынша Мұхамадризвон «Кипиш» Қахаров пен Марсель Нурланбек уулу арасындағы жекпе-жек те өтті. Бұл кездесу де бірінші раундта аяқталды — Марсель қарсыласына аяққа ауырту әдісін (heel hook) жасап, жеңіске жетті.

Басты жекпе-жектерде лига чемпиондығына үміткер Жанібек Тыныштық қарсыласын бірінші раундта сенімді жеңсе, Ернар Әлімбеков те қарсыласын кимура әдісімен ұстау арқылы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.



Күн шежіресі