«Alash Pride» 111 турнирінің толық карды жарияланды

«Alash Pride» 111 турнирі 9 қыркүйекте Шымкент қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Турнирдің басты жекпе-жегінде лига белбеуінің иегері, ММА-дан әлем чемпионы Бекзат Жасия өнер көрсетеді. Ол октагонда қауіпті қырғыз спортшысы Рустамовпен жолығады.
Басты жекпе-жектердің бірінде Жалғас Жұмағұловтың командаласы Буркуталин жұдырықтасады. Сондай-ақ, кардта «Кипиш» Кахоров пен «Жаңа Шавкат Рахмонов» аталып кеткен Әлиби Пернебек те жекпе-жекке шығады.
8 қыркүйекте фейс-ту-фейс рәсімі өтеді. Іс-шараның тікелей трансляция sportplus_qaz YouTube арнасында қолжетімді болады.