Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Қазіргі таңда Таиландтың Бангкок қаласында үстел теннисінен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының атынан U19 жас санатында сынға түскен Алан Құрманғалиев ширек финалға жолдама алды.
Отандасымыз 1/8 финалда Чэн Минсюйден (Қытайлық Тайбэй) 4:3 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиевтің ширек финалдағы қарсыласы қытайлық Ли Хэчэнь болмақ.