logo

Әкімдік әлем чемпионына бокал сыйлады

Әкімдік әлем чемпионына бокал сыйлады

Пара-армрестлингтен Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Зарина Примакқа жергілікті билік тарапынан «бокалдар жиынтығын» сыйға тартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Абай облысының тумасы әлем чемпионы атағына осымен жетінші рет қол жеткізіп отыр. Абай облысына қарасты Жарма ауданы әкімінің орынбасары Райым Жолдасбекұлы мен Шар қаласының «Жастар ресурс орталығының» директоры Рауан Кәкімжанұлы спортшыны арнайы құттықтап барған, алайда шенеуніктер табыстаған сыйлық оқырман қауымның ашуын туғызды.

«Одан да ештеңе бермегені дұрыс еді», «Әлем чемпионына бокал сыйлаған ба? Сөзім жоқ», «Әкімдікке мына сыйлығы үшін «алғыс айтып тұрғаны» түрінен-ақ көрініп тұр», «Спорт министрлігі қайда қарап отыр? Әкім дені дұрыс демеуші таба алмағаны ма?», «Масқара, өздерінің мәз болып тұрғанын қарашы», - деп жазған көпшілік.

Бірақ көп ұзамай Жарма ауданы әкімдігінің парақшасынан бұл жазба өшіріліп, басқа жазбаларға да пікір қалдыру мүмкін болмай қалды.